bairakkz

.jpg
bairakkz15.02.20191750

Көзі қарақты жанкүйер, оның ішінде үлкендер болмаса, қазіргі жастар жағы аты аңызға айналған спортшы Валерий Люкиннің Ақтөбе қаласында туып-өскенін біле бермейді. Бүгін сол олқылықтың орынын толтыру мақсатында Ақтөбеден шығып, азулы АҚШ секілді алпауыт елді мойындатқан Валерий Викторұлы туралы жастар біліп жүрсін деген ниетпен оқырманға шағын ақпарат бере кеткенді жөн көріп отырмыз. Валерий  Люкин – спорттық […]

kisspng-trophy-award-competition-cup-medal-golden-cup-5ab5a5db626059.735473981521853915403.jpg
bairakkz15.02.20191270

      Алматы қаласында Қазақстан Республикасының ІІІ қысқы жастар ойындарының бағдарламасындағы шаңғымен қоссайыс жарысы өтті. Додаға 100-ден астам спортшы қатысты. Бұл сында облысымыздың намысын жыртқан спортшылар  жеңістің желкенін көтеру үшін барын салып, командалық есепте 2 орынды иеленді.

3су.jpg
bairakkz15.02.20191340

Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан Талдықорғандық “Жетісу” жолдастық кездесуде “Арсенал-Киев” командасын 2:0 есебімен ұтты. Айта кетейік, 2018 жылы “Жетісу” ҚПЛ-де алтыншы болды, ал “Арсенал-Киев” 18 тур қорытындысы бойынша Украина премьер-лигасында 12-ші орында келеді. “Арсенал-Киевке” қарсы матч “Жетісу” үшін екінші жиындағы соңғы ойын болды.

22-1.jpg
bairakkz15.02.20192070

Назарларыңызға Премьер-лига командалары арасында 2019 жылғы Қазақстан чемпионатының 1 және 2 айналымының ойын кестесін назарларыңызға ұсынамыз. Бірінші айналым I тур 9-10 наурыз Қайсар – Атырау Тобыл – Ертіс Қайрат – Тараз Ордабасы – Шахтер Астана – Ақтөбе Жетісу – Оқжетпес II тур 16-17 наурыз Қайсар – Жетісу Астана – Оқжетпес Ордабасы – Ақтөбе Қайрат – […]

.jpg
bairakkz13.02.20191480

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы ойындар өтті. Манчестер Юнайтед өз алаңында франциялық ПСЖ-ға 0:2 есебімен жол берсе, Рома Портуды 2:1 есебімен тізе бүктірді. Қызыл сойқандар ойын бастала салысымен қарсыластар қақпасына лап қойғанымен, Буффон қорғаған қақпадан саңылау таба алмады. Ал, Псж командасының шабуылы екінші таймда нәтиже берді. Ойынның 53 минутында Преснель Кимпембе есеп ашса, 60 минутта […]

.jpg
bairakkz12.02.20191780

            Фристайлдан Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған Юлия Галышева 12 ақпанда үйіне оралды.  Алматы әуежайында оны туыстары, достары және журналистер күтіп алды. Әлем біріншілігінің триумфаторы АҚШ-тан ұзақ уақыт ұшып келгеннен кейін, оралғанына қуанды. Оны 2018 жылғы Олимпиада ойындарынан қоламен оралғандағыдай қошеметпен қарсы алды. “Бұл команданың еңбегі. Біз тек жүлделі орынмен келеміз […]

-1280x853.jpg
bairakkz12.02.20191590

Кувейтте стенд ату мен нысана көздеуден халықаралық турнир жалғасуда. Қазақстандық Эльдар Иманқұлов қола медаль жеңіп алды. Иманқұлов пневматикалық тапаншамен (10 метр) нысана көздеуден үздік үштікке енді. Бұл сында алтын медальді Сауд Арабиясының өкілі иеленсе, күміске сербиялық Дамир Микеч қол жеткізді. Тағы бір қазақстандық спортшы Рашид Юнусметов бесінші орыннан көрінді. Еске сала кетейік, кеше Виолетта Старостина […]

.jpg
bairakkz12.02.20191180

Шаңғы жарысынан ұлттық құрама көшбасшысы Алексей Полторанин Словенияның Планица қаласында өтіп жатқан Альпі Кубогінде алтын медаль иеленді. Жарысқа жалпы есебі 70 спортшы қатысты. Полторанин 15 шақырымға классикалық әдіспен жарысуда жеңімпаз атанды. Оның уақыт көрсеткіші – 36:31.0. Екінші орында эстониялық Карел Таммъяров (37:17.9), үшінші сатыда польшалық Доминик Бура (37:40.8).

.jpg
bairakkz08.02.20191750

Шымкент қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен V ҚР Спартакиадасы өтуде. Төрт жылда бір өтетін бұл додада Алматы облысының намысын қорғаған ОЖСШМ – нің спортшылары өте жақсы нәтиже көрсетуде. Грек-рим күресінен жарыстың алғашқы күнінде 60 келі салмақ дәрежесінде Сұлтан Олжас қола жүлдегер атанса, 72 кг салмақта Демеу Жадраев  пен 77 кг салмақта Асхат Дінмұхамедов қарсылас шақ […]

box-unoshi-c240x240.jpg
bairakkz08.02.20191360

  Талдықорғандағы Жастар спорт сарайында бокстан  2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында қалалық чемпионат өтті. Жарысқа 150-ге жуық былғары қолғап шебері қатысты. Шарада қалалық бокс федерациясының атқарушы директоры Ерлан Бақтыбаев сөз алып: «Жарыста жеңімпаз атанған спортшы облыс біріншілігінде бақ сынайды. Сондықтан дүбірлі дода тартысқа толы болатынына сенімдімін», – дей келе спортшыларға ізгі тілегін білдірді. Сайысқа тыңғылықты дайындықпен […]