Жуырда Алатау ауылдық округінің әкімі Қуатбек Смағұловтың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ұлы Абайдың 175 жылдығына орайластырылып, шаңғыдан аймақтық жарыс өтті. Береке ауылындағы «Алатау» биатлон стадионындағы бұл жарысқа аталған округтің тұрғындары тайлы-таяғымен қатысып, өзара бақ сынасты. Жүздеген шаңғышының ішінен жүйрік шыққандары анықталды. Салтанатты ашылуында ауылдық округ әкімі Қуатбек Смағұлов пен аудандық денешынықтыру және спорт […]