Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Францияның Ницца қаласында өткен Гран-при турнирінде топ жарды. 77 келіде сынға түскен ол елордадағы әлем чемпионатынан кейін алғаш рет кілемге шығып отыр. Балуанның айтуынша, Франциядағы дода кіл мықтылардың басын қосты. – Гран-при турнирінде жалпы есебі төрт белдесу өткіздім. Алғашқы айналымда грузин балуанымен кездесіп, 7:7 […]