Талдықорғандағы Жастар спорт сарайында бокстан 2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында қалалық чемпионат өтті. Жарысқа 150-ге жуық былғары қолғап шебері қатысты. Шарада қалалық бокс федерациясының атқарушы директоры Ерлан Бақтыбаев сөз алып: «Жарыста жеңімпаз атанған спортшы облыс біріншілігінде бақ сынайды. Сондықтан дүбірлі дода тартысқа толы болатынына сенімдімін», – дей келе спортшыларға ізгі тілегін білдірді. Сайысқа тыңғылықты дайындықпен […]