2018 Қараша 12

.jpg
bairakkz12.11.2018390

Бухаресте ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Темірлан Ихсанғалиев әскери самбодан чемпион атанды! Ол  82 келі салмақта  француз, қырғыз, түркімен, ресейлік балуандарды жеңді. Сондай-ақ, Гүлнұр Ерболова самбодан  52 келі салмақта қола жүлдеге ие болды. Гүлнұр осымен екінші жыл қатарынан үздік үштіктің қатарынан көрінуде.    

-1280x853.jpg
bairakkz12.11.2018470

Талдықорғанның “Жетісу” футбол командасы Оралдың “Ақжайығын” 3:1 есебімен жеңіп, ел чемпионатын алтыншы орынмен аяқтады. Маусымның басында талдықорғандық командаға басшылық биыл үздік алтылықтың ішіне ену керек деп талап қойған еді. Тапсырма орындалды. Қарсыластарын ойсырата ұтқан “Жетісу” командасын облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев жеңістерімен құттықтап, футболшыларға алғысын білдірді.