2020 Ақпан

.jpg
bairakkz19.02.2020730

Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен  ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел намысын қорғаған Рахат Бекболат жасөспірімдер арасындағы додада 365 келіні бағындырды. Ол жұлқа көтеруде 158 келіні, серпе көтеруде 198 келіні еңсерген.  Сондай-ақ, Рахат серпе көтеруден жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.  Ал Илья Ильин 102 келіде Ташкенттегі турнирде 355 (160+195) келіні бағындырған. 2004 жылы туған атлеттің […]

.jpg
bairakkz19.02.2020890

              Каратеден Қазақстан командасының үздігі Дархан Асаділов 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жолдамасын иеленді.                  67 келіге дейінгі біріккен салмақ дәрежесінде сынға түсетін Дархан Олимпиада ойындарына мерзімінен бұрын лицензия ұтып алды. Төртжылдық додасына іріктеу кезеңінің аяқталуына әлі үш айдай уақыт пен бірнеше ірі […]

.jpg
bairakkz19.02.20201630

                   Төрткүл әлем көз тіккен чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы екі ойыны мәресіне жетті. «Атлетико Мадрид» өз алаңында «Ливерпульдан» айласын асырып кетті. Ал «Баруссия Д» «ПСЖ» командасынан басым түсті. «Атлетико Мадрид» – «Ливерпуль» 1:0 Испанияда өткен ойында алаң иелері салған жерден шабуылға шықты. Сөйтіп ойынның небәрі 4 минутында Сауль […]

.jpg
bairakkz18.02.20201490

                Үндістанның Дели қаласында кикбокстан «Indian Open» халықаралық турнирі өтті. Сайысқа 8 мемлекеттен 120 спортшы қатысты. Байрақты бәсеке тартысқа толы болды. Додада ел намысын қорғаған Алматы облысының спортшысы  Тимур Егембердиев қарсыластарын қоғадай жапырып, алтыннан алқа тақты.

1-1280x853.jpg
bairakkz18.02.20201370

Жуырда Алатау ауылдық округінің әкімі Қуатбек  Смағұловтың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ұлы Абайдың 175 жылдығына орайластырылып, шаңғыдан аймақтық жарыс өтті. Береке ауылындағы «Алатау» биатлон стадионындағы бұл жарысқа аталған округтің тұрғындары тайлы-таяғымен қатысып, өзара бақ сынасты. Жүздеген шаңғышының ішінен жүйрік шыққандары анықталды. Салтанатты ашылуында ауылдық округ әкімі Қуатбек Смағұлов пен аудандық денешынықтыру және спорт […]

-куреси1-1280x853.jpg
bairakkz18.02.20201270

Талғар қаласындағы «Алмалы» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қазақша күрестен республикалық турнир ұйымдастырылды. Жарыста еліміздің облыстары мен Алматы қаласынан және аудандардан келген білекті жас спортшылар бақ сынасты. Жарыстың салтанатты ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ахмет Әшімахұнұлы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмір белестеріне шолу жасады. «ХХІ ғасырдың құрдасымын» дейтін ақынның жырлары оқырман жүрегінде жатталып, елімен […]

.jpg
bairakkz18.02.2020510

                    Малайзия мемлекетінде тас жолдағы велосипед спортынан “Тур Лангкави” халықаралық жарысы  өтті. Додаға 25 мемлекеттен 120 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының спортшысы Евгений Федоров “Vino-Astana Motors” командасының құрамында 1-кезеңде алтынмен апталса, жалпы есепте күміс медальды иеленді.

.jpg
bairakkz17.02.20201460

          2020 жылдың 16-17 ақпан күндері Түркия мемлекетінің Анталья қаласында спорттық жүрістен Олимпиадаға лицензиялық халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекеде Алматы облысының спортшысы Айман Ратова 20 км. қашықтықта 3-орынды иеленіп, Токио Олимпиадасына жолдама алды.

.jpg
bairakkz14.02.20201510

Қарағанды қаласында шыңға өрмелеуден ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Сайысқа 15 командада 250 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының спортшылары Данил Маисеев алтын, Нұрбота Болатханов күміс медальды иеленді.

.jpg
bairakkz14.02.2020230

Біріккен Араб Әмірліктерінің  Шарджа  қаласында парапланерлік спорттан БАӘ-нің ашық чемпионаты өтті. Додаға әр елден іріктеліп келген 100 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша дәлме-дәл қону тұжырымында Алматы облысының спортшылары  Максим Молдованов күміс, Игорь Коренский  мен Алмас Ахметов қола медальды иеленді.