Alash Pride промоутерлік компаниясының академиясы ашылады

25.09.201710930

   Алматыда желтоқсан айында Alash Pride промоутерлік компаниясының академиясы ашылуы мүмкін. Аталмыш ұйымның бас директоры Данияр Қасқарауов журналистерге осылай деп мәлімдеді. 

Қазақтың намысын ел ішінде және халықаралық ареналарда сәтті қорғап жүрген клуб басшылығының айтуынша, тау бөктерінде орналасатын академия халықаралық стандарттарға сай болмақ. Орташа тау деңгейінде спортшыладың ауа қысымына шыдамдылығы, таза ауада жаттығуы қамтамасыз етіледі. Шетелдерде дайындық жүргізіп жүрген азулы Арман Оспанов, Қайрат Ахметов сынды жолбарыстар осы академияда дайындық жүргізеді. Жоба бір жағынан коммерциялық болмақ.

Сондай-ақ клуб өкілдері бір топ журналистерге қонақасы әзірлеп, сый-cияпат көрсетті.  “Біздің жасап жатқан ісімізді халыққа жеткізуді мойындарыңызға алып отырған журналистерге алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да ел көңілінен шығатын кездесулер ұйымдастырып, мықты спортшыларды дайындау сияқты стратегияны басты мақсат етеміз”,  деп атап өтті Данияр Қасқарауов. Ресми емес жиынға жиналғандар клубтың алдағы жоспарларымен танысып, өз ойларын ортаға салды.

 

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *