UEFA ұйымы “Ұлттар лигасы” турнирінің нақты регламентін бекітті

08.11.201718670
1510048567_29-1.jpg

УЕФА Ұлттар Лигасының нақты регламентін бекітті.

УЕФА Ұлттар Лигасының нақты ережелері мен регламентін бекітті. Алғашқы матч 2018 жылдың 6 қыркүйегінде ойналады. УЕФА-ның Атқарушы комитетінің Ньондағы отырысынан кейін турнирдің жаңа логотипі де таныстырылды.

Жаңа турнирдің мақсаты – көптеген достастық матчтарды ресми ойындарға ауыстыру арқылы футболдың құрамалар деңгейінде дамуына септігін тигізу. Сонымен қатар, деңгейі тең ұлттық құрамаларға бір-бірімен ойнауға мүмкіндік беру.

Лига командалардың классын жоғарылату және төмендету қағидасын ұстанады. Алғашқы жарыста 55 қатысушы УЕФА ұлттық құрамаларының 2017 жылдың 11 қазан күнгі рейтингісі бойынша әртүрлі лигаларға бөлінеді. А лигасына ең үздік құрамалар түседі, ал D лигасында рейтингісі төмен командалар ойнайды.

Әр төрт лига үш-төрт командадан құралған төрт топқа бөлінеді. 2018 жылдың қыркүйек пен қараша айлары аралығында қатысушылар бір-бірімен өз және сырт алаңда ойнайды. Осылайша, командалар халықаралық футбол күнтізбесіне сай төрт немесе алты матч өткізеді.

Топ жеңімпаздарының классы жоғарылайды, ал соңғы орын алғандары келесі жарысты төменгі лигадан бастайды.

А лигасының төрт жеңімпазы 2019 жылдың маусым айында өтетін финалдық кезеңге қатысады. Онда жартылай финалдар, үшінші орын матч пен финал ойналады. Финалдық турнирдің иесі 2018 жылдың желтоқсанында УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында төрт үздік құраманың ішінен таңдалады.

Осылайша, еуропалық құрамалар Ұлттар Лигасының жеңімпазы атағы үшін, не жоғары лигаға өту үшін, не өз лигасындағы орнын сақтап қалу үшін сынға түседі.

Іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі 2018 жылдың 24 қаңтарында Лозаннадағы SwissTech Convention орталығында өтеді.

ЕУРО-2020 іріктеуі

ЕУРО-2020 турнирінің іріктеу кезеңі аса қатты өзгермейді, бірақ ол бұрынғыдай үлкен жарыстардың финалдарынан кейін қыркүйек айында емес, наурызда басталады.

ЕУРО-2020 турнирінің финалдық кезеңінің соңғы төрт жолдамасын УЕФА Ұлттар Лигасында өз топтарын жеңген 16 құрама қатысатын плей-офф жеңімпаздары иеленеді.

Егер ол командалардың біреуі ЕУРО-ға іріктеу турнирі арқылы шығып қойса, оның өтпелі матчтарға жолдамасы дивизиондағы келесі үздік командаға беріледі. Егер дивизионда керек төрт команда жиналмаса, ол орындарды Ұлттар Лигасындағы жалпы рейтингісіне сай төменгі дивизионның командалары иеленеді.

Әр дивизионда өзінің плей-офф кезеңі болады. Онда екі жартылай финалдық кездесу мен финал ойналады. Әр кезеңнің жеңімпазы ЕУРО-2020 турнирінің жолдамасына ие болады.

https://youtu.be/-GykTSfzf4E

https://youtu.be/edMMweZzVw0

https://youtu.be/e4_L97SpWmA

kff.kz

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *