Атырауда допингке қарсы семинар өтті.

08.11.201711880

7-қараша күні Атырауда ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жаөспірімдер мен қыздар арасында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионаты қарсаңында спортшылар мен Федерацияның төрешілер құрамына арналған допингіге қарсы семинар өтті.

img_5156img_5158

 

Семинарда допингтік бақылау: спорттағы допингіге қарсы күрес ауқымындағы  халықаралық саясат; қазақстандық допингіге қарсы жүйе, Допингіге қарсы Кодекстегі негізгі өзгерістер, нақтырақ айтқанда жаңа ережелер, тыйым салынған заттар мен препараттардың жаңартылған тізімі, спортшылар мен ұлттық федерацияларға салынатын санкциялар және басқа да көптеген өзекті тақырыптар қарастырылды. АDAMS жүйесін толықтыру мәселесі егжей-тегжейлі баяндалды. Тыңдаушылар көп сұрақтар қойып, белсене қатысты және әртүрлі жағдайларды толығымен талқылап отырысты.

«Білім беретін семинарлар, допингтің  спортшы мәнсабына қаншалықты залал келтіретіні туралы атлеттермен жеке әңгімелесулер ҚР ААФ-ның допингіге қарсы күрес шараларының маңызды бөлшегі екенін айта кету ләзім. Мұндай шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрамыз, өйткені спортшылар да, жаттықтырушылар да өздерін толғандырған немесе қызықтырған сұрақтарға тұщымды жауап алуға тиіс, бұл өте маңызды», деп атап өтті ҚР ААФ спорт менеджері Роман Теміржанов.

 

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *