Астанада IWF ұйымының допингке қарсы конференциясы өтті

13.11.201716710

13 қараша күні Астанада Халықаралық ауыр атлетика федерациясының(IWF) бастамасымен және ҚР Ауыр атлетика федерациясының көмегімен IWF Халықаралық допингке қарсы конференциясы өтті. Шараға IWF Президенті Тамаш Аян, IWF Бас хатшысы Мохаммед Джалуд, IWF допингке қарсы комиссия төрағасы Патрик Шамаш, IWF сараптама орталарының өкілдері, сондай-ақ жарыстардан шеттетілген 9 федерацияның(Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қытай, Молдавия, Ресей, Түркия және Украина) басшылық құрамы мүшелері қатысты.
Конференцияның бірінші отырысы жарыстан шеттетілудің заңдық кезеңдері және оның мерзімінен бұрын жекелей тоқтатылуына арналды. Кездесу барысында тараптар шеттетілген елдерге арналған жазаны жеңілдету механизмдерін талқылап, келешекте жүзеге асыруға ниетті болған бірқатар шараларды қабылдады. Конференция спорттың тазалығы үшін күресетін IWF, ұлттық федерациялар, мемлекеттік құрылымдардың күш біріктіру жағдайларын нығайтатын алғышарттарын айқындап берді.
«Қазіргі кезде әлемдік спорт қиын кезеңдерді бастан кешіріп отыр. Допинг даулары кезек-кезегімен барлық олимпиадалық қозғалыстарға кері әсерін тигізуде. Оның үстіне, ауыр атлетиканың олимпиадалық дәрежесіне қауіп бұлты төніп тұр. Осыған байланысты, біз, біртұтас ауыратлетикалық отбасы ретінде ауыр атлетика болашағы, оның  бөлінбес бөлшегі іспеттес Қазақстан үшін жауапкершілікті толығымен сезінеміз және көтере білеміз. Мұндай болашаққа біз тек допинг пайдалануға мүлде төзбеушілікпен және таза әрі әділ спорт арқылы ғана жете аламыз», – деп атап өтті қазақстандық федерация Президенті Жанат Түсіпбеков.
Конференцияның екінші сессиясы білімдік сипатта өтті. Спикерлер өз сөздерінде допинг мәселесіндегі сақтық шаралары, сондай-ақ онымен күрес шараларының практикалық көріністеріне ерекше назар аударды.
Қазақстандық Федерацияның допингке қарсы қандай шаралар қолданып жатқанын жатқанын баяндаған ҚР ААФ басшысы өз сөзінде былай деді: «Соңғы кездері ақпараттық-білімік сипаттағы және әдістемелік сипаттағы қамтамасыз ету шараларын күшейттік. Бақылау шаралары үнемі жетілдіріліп отырады. Жыл сайын біздің аттеттерден ішкі деңгейде 300-ден астам допинг-сынамалар алынып, Еуропадағы БДҚА аккредитацияланған зертханаларында тексеріліп отырады. Жекелей алғанда, өткен жылы ұлттық деңгейде 7 допинг қабылдау жағдайлары анықталды. Барлық атлеттер БДҚА ережелері бойынша шеттетілетін болады, ал олардың спорттағы айналасы жұмыстарынан босатылады». Бір ерекшелігі, қазақстандық допингке қарсы саясаттың жетістігі 2016 және 2017 жылдардағы барлық халықаралық жарыстарда қазақстандық атлеттердің допинг-сынамаларының оң қорытынды көрсетпегені екенін айта кету керек.
Конференциядан кейін IWF Бас хатшысы және Вице-президенті Астанадағы кеңсесінің салтанатты ашылуы болып өтті.
IWF Бас хатшысы Мохаммед Джалуд:
Қазақстан әлем мойындаған спорттық держава. Сіздердің құрамаларыңыздың Олимпиада ойындарындағы жетістіктері, заманауи спорт нысандары, Қазақстанның спортты мемлекеттік деңгейде қолдауы – мұның бәрі сіздердің республикаларыңызда спорттың ерекше құрметтелетінін көрсетеді. IWF Бас хатшысы кеңсесінің осында, яғни Астана қаласында орналасуы біз үшін маңызды, себебі Қазақстанда халықаралық федерацияның жұмысын күшейтуге және Азия, ТМД және Орталық Азия өңірі елдерін бір нүктеге топтастыруға тамаша мүмкіндік болады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 20-қазанында 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарында алынған допинг-сынамаларды қайта тексеру нәтижесінде спортшылары  үш немесе одан да көп допингке қарсы ереже бұзған елдерді бір жылға жарыстардан шеттету туралы IWF шешімі өз күшіне енген еді. Аталған тізімге 9 ел: Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қытай, Молдавия, Ресей, Түркия және Украина елдері кірді.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *