ҚР ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІ МЕН Л. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

16.11.20175710
20171116_185150-1170x780-1.jpg

                           Астана, 16 қараша 2017 ж.Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университеті өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.   

Осы келісім аясында Олимпиадалық қозғалыс пен салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған өзара ісшараларды өткізу, жастарды оқуға, рухани және мәдени құндылықтарға баулау туралы келісілді.
ҚР ҰОК Бас хатшысы Данияр Абулгазин меморандумға қол қою салтанатында Ұлттық Олимпиадалық комитет спортты жанжақты дамыту мен насихаттау барысында жетекші білім және мәдениет ұйымдарымен ынтымақтастық орнату көзделетінін айта кетті.

«Бүгінде Тимур Құлыбаевтың басшылығымен Ұлттық Олимпиадалық комитет Олимпиадалық спортты дамытуда жаңа әдістерді қолдануда. Қазірдің өзінде біз Қазақстанның спорттық индустриясының одан да тиімді жұмыс жасауы үшін жүйелі негізін қаладық. ҚР ҰОК президенті жоғары жетістіктер спортының негізі болатын бұқаралық және студенттер спортына аса көңіл бөлуде. Қазіргі таңда олимпиадалық қозғалысты және еліміздің студенттер спортын дамыту мақсатында Қазақстанның ірі оқу орындарымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумдар әзірленіп жатыр. Жетекші спортшыларымыз білім алып жатқан еліміздегі ең үздік оқу ордаларының бірімен ынтымақтастықты бастап жатқанымызға қуаныштымыз», деді Д.Абулгазин.

Бүгін дәл осы жерде университет студенттерінің Данияр Елеусінов, Василий Левит, Гузель Манюрова сияқты белді олимпиадашылармен кездесуі де өтті. Сонымен қатар, ЕҰУ студенттері, синхронды жүзуден Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегерлері Екатерина және Александра Немичтерді марапаттау рәсімі болды.

Қазақстанның ҰОК Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш ПрезидентіЕлбасы Кітапханасының Музейімен бірлесіп жұмыс атқарып келеді.

20171116_185233 20171116_185223 20171116_185158 20171116_185145 20171116_185107

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *