Қазбек Ибрашев дүниеден озды

20.11.201718390
received_1504789469615420-1.jpeg

     БҚО əскери самбо күресінен аға жаттықтырушы жоғары дəрежедегі жаттықтырушы Ибрашев Қазбек Нығметұлы дүниеден озды.

Қазбек Нығметұлы 1972 жылы БҚО Тайпақ ауданы Тайпақ ауылында дүниеге келген.

Ол 27 жылдық еңбек тәжірибесінде Азия чемпиондары мен әлем чемпиондарын баптап өсірген білікті бапкер еді.

Жуырда ғана Сочи қаласында өткен 2017-жылғы әлем чемпионатында оның шәкірттері Термірлан Ықсанғалиев пен Ботақан Райымқұловтар қола медаль еншілеп келген болатын.

received_1504789466282087

Осыған орай,  ҚР Самбо федерациясы және марқұмның барлық әріптестері мен шәкірттері марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *