ЕУРО-2018. ҚОЛАДАН ҚОЛ ҮЗДІК

11.02.201813940
Uh7yj5xBjZk.jpg

      Словенияның Любляна қаласындағы “Стожице Аренасында” өткен кіші футболдан еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы қола медаль үшін болған ойында Ресейліктерден жеңілді. Ал финалда Португалия Испанияның жеңді. 

    Үшінші орын үшін бооған ойында Қазақстан Ресейден 0:1 есебімен жеңілді. Матчтағы жалғыз голдың авторы – Эдер Лима. Ол голды екінші таймның 29-минутында салды. Оның алдында Сергей Абрамовтың тепкен добы Қазақстан қақпасының маңдайшасынан қайтқан болатын. Ойынның басқа арнада өрбуіне Қазақстан сапындағы әмбебап ойыншы Жуниро да Силва Дугластың екі ескерту қағазын алып, алаңнан қуылған сәтінен басталды. Ресеймен болған кездесудің 17-ші және 34-ші минуттарында ескерту алып, бірден қызыл қағаз алған 29 жастағы Дуглас жалпы Еуро-2018 турнирінің үздік ассистенті болды. Бес ойында жеті нәтижелі пас берген.

     Финалдық ойында Португалия Испанияны 3:2 есебімен жеңді. Бұл Португалия тарихындағы алғашқы алтын. Рикардиньо 59-секундта есеп ашты. Марк Тольра мен Веласко Лин  Испания құрамасын есепте алға шығарды. Ал екінші таймның 39-минутында гол салған Бруно Коэлью матчты қосымша таймға жеткізді. Овертаймның 55-секундында сол Бруно Коэлью пентальтиден гол салып, португалдарды жеңіске жеткізді. Жалпы турнирдің үздік ойыншысы болып Португалия құрамасының капитаны Рикардиньо танылды. Турнирде жеті гол салған. Топтық кезеңде Румыния мен Украинаға бір голдан, ширек финалда Әзірбайжанға покер орындаса финалдық ойында бір гол салды.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *