ШИРЕК ФИНАЛ ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ

16.03.20182530
.jpg

Додада Барселона Лондонда  «Челсимен» тең түскенімен, өз алаңында қарсыластар қақпасына жауапсыз 3 доп салып ширек финалға жолдама алған болатын.Ойында аргентиналық сұрмерген Лионель Месси дубль жасап чемпиондар лигасында соққан голдар санын 100-ге жеткізді. «Бавария» сырт алаңда «Бешикташты»  3:1 есебімен ұтты. Қос ойынның қорытындысы бойынша «Неміс көлігінің» пайдасына 8:1.  Сондай-ақ, «Реал» «ПСЖ-ны.» «Ювентус» «Тоттенхэмді», «Манчестер Сити» «Базельді», «Рома» «Шахтерді», «Ливерпуль» «Портуды», “Севилья” “Манчестер Юнайтедті” ұтып келесі турға өткен еді.  Ширек финалдың жеребесі бойынша  3-4 сәуірде каталондық «Барселона» италиялық «Ромамен», «Севилия» «Бавариямен», «Ювентус» «Реалмен», «Ливерпуль» «Манчестер ситимен» күш сынасады.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *