ФРАНЦИЯ МЕН ДАНИЯ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

18.06.201814410
.jpg

             ӘЧ-2018. Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының “С” тобындағы алғашқы ойында Франция құрамасы Аустралияны 2:1 есебімен ұтты. Ойынның бірінші таймында командалар тең тарқасты. Екінші таймның 55 минутында Антуан Гризманн 11 метрлік пенальтиді сәтті орындап, құрамасын алға шығарды.  Ал, 62 минутта Умтити өз алаңында қолмен ойнап, Франция құрамасы қақпасына пенальти белгіленді.  Йединак таразы басын теңестірді. 81 минутта Поль Погба франциялықтарға жеңіс сыйлады.

Ал осы топтың екінші кездесуінде Дания құрамасы Перуді 1:0 есебімен ұтты. 59 минутта Кристиан Эриксеннің пасын тиімді пайдаланған Юссуф Поульсен Данияға жеңіс сыйлады.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *