БОКС БӘСЕКЕСІ

23.10.2018310
3.jpg

Алматы облысы, Талдықорған қаласында жастар арасында бокстан “Жетісу кубогы” ХVI халықаралық турнирінің жалауы көтерілді. Дəстүрлі додаға Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Тəжікстан, Қырғызстан мемлекетімен қоса еліміздің барлық аймағынан 200 жуық боксшы келді. Жарыстың ашылу салтанатында Алматы облысы əкімінің орынбасары Ақан Əбдуəлі қатысып, спортшыларға сəттілік тіледі. Жарыс 2003 жылдан бастап өтіп келеді. Дүбірлі додадан жетісулық мықтылар шыңдалып шыққан. Нақтырақ айтар болсақ əлем чемпионы Жəнібек Əлімханұлы, жастар арасында əлем чемпионатының жүлдегері Баян Ақбаева, Балауса Мұздиман, жастар арасында əлем чемпионы Гауһар Ермекбай, кəсіпқой бокста өзіндік орны бар Əли Ахметов есімдерін атауға болады.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *