«Алтын доп» алған алғашқы қақпашы

06.11.201813190
.jpg

«Алтын доп» алған алғашқы қақпашы – Лев Яшин. 1963 жылдың 23-қазанында әйгілі «Уэмбли» стадионында өткен ойында Лев Яшин өзін шебер қақпашы ретінде танытып, талайлардың таңдайын қақтырады. Десе де әлем құрамасы 2:1 есебімен «Тұманды Альбион» командасына есе жіберді. Бірақ, ол екі гол Лев Яшин орнына шыққан Милутин Шошкич қақпасына соғылған. Ал қақпашының керемет өнері ағылшын жанкүйерлері арасында «аңызға» айналып шыға келді. Осы ойыннан кейін Лев Яшин КСРО құрамасына қайта шақырту алды. Сол жылы Еуропаның ең үздік ойыншысы атанып, «Алтын доп» иегері атанды.

1964 жылғы Еуропа чемпионатында, араға 2 жыл сала 1966 жылы Испанияда өткен әлем чемпионатында КСРО құрамында сәтті өнер көрсете білді. 1990 жылдың 18-наурызында Лев Яшинге «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді. Араға екі күн сала ХХ ғасырдың даңқты қақпашысы дүниеден озды.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *