90 МИНУТ ШАБУЫЛДАП КІП-КІШКЕНТАЙ ЛАТВИЯНЫ ЖЕҢЕ АЛМАУ…

16.11.20189120
202625_92e708a5489a21d4939b9a5abb4874a2.jpg

 

 

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі бесінші ойынында Латвиямен кездесті. «Астана Аренада» қос құрама 1:1 есебімен тарқасты.

Алаң иелері бірінші минуттан-ақ шабуылға шығып басымдықты өз иелігінде ұстады. Соның нәтижесінде алғашқы допты қақпа торына тоғытты. Ойынның 37 минутында мергендігімен көзге түскен Ғафуржан Сүйімбаев. Бірақ лавиялықтар жіберілген доптан сабақ алып, шабуылдарын үдетіп ойын екінші бөлігінде есепті теңестіріп кетті. Голдың авторы –Денис Ракель. Төрешінің соңғы ысқырығына дейін Станимир Стойлов жаттықтыратын команда толассыз шабуыл жасағанымен гол соға алмады. Ригада өткен ойында да екі құрама 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын. Бұл жолы да сол есеп қайталанды.

Енді Қазақстан құрамасы топтағы соңғы ойынын 19 қараша күні сырт алаңда Грузия құрамасына қарсы өткізеді. Осы ойынмен ұлттық құраманың Ұлттар лигасындағы бәсекесі аяқталады. Ал топта бірінші орын алған грузиндер 2020 жылғы Еуропа чемпионаты жолдамасына таласын жалғастырады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *