ЖҮЛДЕЛІ ЖЕТІСУ

22.11.201811740
c19fb050-ada0-4c4d-8129-0da91dcee56a.jpg

             Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында дзюдодан 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұқанғали Бекмұханбетовты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Жарысқа Қырғызстан мемлекетінен және еліміздің облыстары мен қалаларынан 10 команда да 450 спортшы қатысты. Бозкілемдегі белдесуге жауыры оңайлықпен жерге тимейтін балуандар жиналды. Кіл мықтылар іріктеліп келген турнирдегі тартыс көрермендердің де көңілінен шыға білді.

Бақ пен баптың сыналған шағында облысымыздың спортшылары намысты қолдан бермеді. Құлжаның сақасындай кесек бітімді балуандарымыз  4 алтын, 7 күміс, 10 қола медальді жеңіп алды. Атап айтсақ 48 келі салмақта Д. Буркеева, 63 келіде Р. Нысантайқызы, А. Абзалбек, 73 келіде Ш. Болатбеков қарсыластарын қоғадай жапырып алтыннан алқа тақты.  46 келіде А. Мусырманқұл, 57 келіде З. Тәңірберген,  60 келі салмақта Ы. Альсейт,  Е. Жеңісов, +70 келіде М. Ілежан, 81келіде Г. Сансызбай

90 келі салмақ дәрежесінде М. Мирзаев күміспен күптелді. Ал 46 келіде Т. Байжұман, 50 келіде Ж. Қуанов, 52 келіде У. Нұрғалықова,  М. Райымбек, 55 келі салмақта И.Смағұлов, 57 келіде Т. Тілектесқызы, М. Джакишева, 63 келі салмақта О. Соловей, +70 келіде Д. Рустемқызы, +90 келі салмақ дәрежесінде А. Бекенов қола жүлдегер атанды.

 

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *