АРМАН АШИМОВ АЛҒАШҚЫ РАУНДТА ЖЕҢДІ!

09.12.201811760
WhatsApp-Image-2018-12-09-at-00.56.25-1280x853.jpeg

Ересектер арасындағы аралас жауынгерлік жекпе-жек ММА спортынан өткен «Battle of Nomads» атты халықаралық турнир өтті. Онда үш жекпе-жек болды.

Байрақты бәсеке тартысты өтті. Жастар спорт сарайында ине шаншар орын болмады. Отандастарымыз шыққан сайын жанкүйерлер қиқулап спортшылардың делебесін қоздырып отырды.

Алғашқы бәсеке еліміздің спортшысы  Дмитрий “Небесный войн” Кудинов (5-3-0) пен қырғызстандық Адис Талайбекуулу (3-0-0) арасында өтті. Жекпе-жек бірінші минуттан-ақ еліміздің спортшысының басымдығымен өтті. Үш раунд бойы қарсыласын соққының астына  алған қазақстандық сары бала төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.

Екінші кездесуде сегіз бұрыш төріне жерлесіміз Шавкат “Номад” Рахмонов (9-0-0) пен қырғызстандық  Ринат “Рико” Саякбаев (10-4-0) шықты. Бұл кездесу ұзаққа созылмады. Алғашқы раундта қырғыз балуаны жарақат алып, жеңіске жерлесіміз жетті. Бұл кештің маңызды бәсекесі байрақты бәсекеде еліміздің намысын қорғап жүрген спортшымыз, Алматы облысының тумасы, ҚР ММА кубогының жеңімпазы, К-1 бойынша Қазақстан, Еуразия және Еуропа чемпионы және кигбоксингтан спорт шебері Арман Ашимов (8-3-1) пен Кристиан Горсиа (10-4-0) арасында өтті. Бұл кездесу де ұзаққа созылған жоқ. Гонг соғыла салысымен қарсыласына соққыны қарша жаудырған Арман алғашқы раундта-ақ жеңіске жетіп, ел абыройын ақтады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *