ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

10.12.20181210
.jpg

        Болгарияның Варна қаласында жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында каратэ киокушиннан әлем чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа 32 мемлекет 700 спортшы қатысты. Алматы облысынан 6 спортшы қатысып 1 күміс, 3 қола медальді жеңіп алды. Атап айтсақ, 55 келі салмақ дәрежесінде Ақатаева Данелия 2 орын, 45 келі салмақ дәрежесінде Акранбек Асемай,  65 келі салмақ дәрежесінде Ажибек Медет, 70 келі салмақ дәрежесінде Сұрағанбек Бекарыс 3 орынды иеленді.

Айдар ҚАЛИЕВ 

   

    

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *