ТАЛҒАР ТАЛАНТТАРДЫ ШЫҢДАЙДЫ

28.12.20181330
DSC_5732-1280x853.jpg

Жаңа жыл мерекесінің алдында Талғар ауданы екі бірдей қуаныштың куəсі болды. Бірі қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей болса, екінші жаңалық Талғар аудандық балалар мен жасөспірімдерге арналған “Алмалы” спорт мектебі, дене шынықтыру сауықтыру кешені ашылды.

Кешеннің ашылу салтанатына облыс əкімі Амандық Баталов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Амандық Ғаббасұлы өз сөзінде Елбасының нақты тапсырмаларының бірі бұқаралық спортты дамыту. Сондай-ақ, биылғы халыққа арнаған Жолдауында 100спорт кешені ашуды тапсырған еді. Міне, соның нақты дəлелі Жетісу жерінде жаңа спорттық кешен ашылып отыр. Келер жылы “Жастар жылы” жылы деп атап өтті. Олай болса жастарымыз шыңдалып, салауатты ұрпағымыз көп болсын, жаңа чемпиондар тəрбиеленсін деді.

 

Өңір басшысынан кейін Мəскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров пен Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов сөз алып, жастарымызға ақ батасын арнады.

Салтанатты шарадан кейін “Алмалы” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дəурен Үшкемпіровке жаңа кешеннің кілті табысталды. Жақсылықты ырым еткен қазақ жұрты мектептің лентасын қос чемпион Жақсылық Үшкемпіров пен Ермахан Ибраимов қыйды.

 

Спорт кешені 180 орындыққа арналған. Есігін айқара ашқан сауықтыру кешенінде спорттың 15 түрімен шұғылданады. 56 штаттық вакансия берілген. Күрес, бокс залы жəне волейбол, баскетбол залымен қоса сыртта жасанды төсеніші төселген футбол алаңы бар.

 

ФОТО:https://cloud.mail.ru/public/Lspo/GZrJp3mvX

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *