ДЕНИС ТЕН…

04.01.201910750
news3891.jpg
Біздің әлем неге зұлым? Неге зұлымдық ізгілікті үнемі бөктеріп кете береді?  Денис Тен қандықол қарақшылардың қолынан қаза тапты. Кімге қол жұмсап, халықтың қандай қазынасына қол сұғып жатқанын сол адам бейнесіндегілер сезінді дейсіз бе?
2014 жылғы Сочи Олимпиадасында кіп-кішкентай Денис Тен қола тұғырға көтеріліп, Қазақстанды жүлдегер елдер санатына жалғыз өзі қосып еді. Қысқа бағдарламадан кейін 9-орында тұрып, еркін бағдарламада жүлдегерлер арасына атойлап кіріп еді сол жолы…
– Қысқа бағдарламадан кейін медальдан үміт үздің бе? Әлде «жүлдегерлер арасына сыналап кіремін әлі» деп өзіңді жігерлендірдің бе? – деген сұрағымызға:
– Мен тек қателеспей билеп шығуды ғана ойладым, – деп жымиып жауап беріп еді. Сол күні кешкісін Сочидің олимпиялық ауылында Дениске қола жүлде тапсырылғанда, айналамыздағы америкалықтар, ресейліктер, канадалықтар, басқа да көп елдің өкілдері бізді қызу құттықтаған-ды… Денистің арқасында дүниежүзілік аламанда біз шетте қалмап едік!
25 жыл деген не, тәйірі… Осы нағыз бұла шағында Денис Тен арда азаматтың ісін тындырып кетті. Жалт еткен жарық ғұмыр кенет сөнді.
Қайыр-қош, Денис бауыр! Сен мәңгі біздің жүрегіміздесің!
Есей Жеңісұлы

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *