Спорт мекемелері жарысты

16.01.201910280
49896595_2251570968206744_686336349426417664_n.jpg


Тәуелсіздігіміздің таңы атқан жиырма жеті жылдан бергі уақыт ішінде біздің елімізде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшы¬лығымен қыруар жұмыстар атқарылды. Елбасы спортқа зор көңіл бөліп, жыл сайынғы жолдауларында бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді.
Осы орайда, Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқармасының бастауымен ағымдағы жылдың Талдықорған қаласы Жастар-2 спорт залында шағын футболдан спорт мекемелер қызметкерлері арасында «Облыс кубогы» өткен болатын. Аталған жарысқа Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқармасы «Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» №1 «БЖСМ» Мамандандырылған кәсіби гандбол клубы, Регби клубы, Облыста спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжі «Жастар» спорт сарайы Футболдан «МБЖСМ» – командалары қатысып бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша «Жастар» спорт сарайы командасы 1-ші орын иеленсе, Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі 2-ші орын, Облыста спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжі жүлделі 3-ші орынды ұтып алды. Жарыстың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын дәріптеп, бұқаралық спортты насихаттау болып табылады. Жеңімпаз бен жүлдегер командаларды құттықтаймыз.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *