Бактиер Зайнутдиновтың “Ростовтағы” алғашқы ойыны

18.01.20197870
612639_1528542287-1280x853.jpg
Қазақстан құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов ресейлік “Ростов” командасының сапын толықтырды.
        20 жасар ойыншы жаңа командасының сапындағы алғашқы матчын өткізіп үлгерді. Ол “Атырауға” қарсы өткен жолдастық матчтың екінші таймында алаңға шықты. Бактиер Зайнутдинов “Ростовта” 20-шы нөмірмен өнер көрсететін болады. Зайнутдиновті қазақ жанкүйерлеріне “Тараз” клубы танытты. Кейін Бахтиер елордалық “Астана” клубына ауысқан. Қазақстан чемпиондары қатарында соңғы маусымда 35 ойынға қатысып 7 голды еншісіне жазды. Жастығына қарамастан ұлттық құрама үшін алты ойын өткізіп бір рет мергендігімен танылған.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *