ҰРЫНЫ САБАҒАН “ТЕМІР ХАНЫМ”

22.01.2019290
25a251cbf8e2db0e90d018a953c95c68.jpg

Рио-де-Жанейрода ер адам жанынан өтіп бара жатқан қызды тонамақшы болған, алайда құрбанының UFC ұйымының файтері екен деп еш ойламаған болса керек.  Виана 1991 жылы 20 ақпанда Сан-Жералду-ду-Арагуая (Пара, Бразилия) қаласында дүниеге келген. Ол өзіне шабуыл жасаған ұрыға қатарынан екі соққы жұмсап, артынша тепкінің астына алған. Шабуылдаған ер адам құлаған сәтте қылғындыру әдісін қолданған. Осыдан кейін ұрыны полицейлер алып кеткен.

Ол аралас жекпе-жекте бірінші кездесуін 14 желтоқсанда 2013 жылы Demolidor Extreme Combat 3 турнирі аясында өткізген. Бірінші раундта-ақ өз отандасы Сильвана Пинтоны нокаутқа түсірген. Бір жыл өткенде 2014 жылы 13 желтоқсанда спорттық мансабында бірінші рет жеңілді. Real Fight 12 турнирінде төрешілер шешімімен өз отандасы Алине Сателмайерге есе жіберді. Оған дейін Полина төрт кездесуде жеңімпаз атанған еді.

Сол жеңілістен соң Виана бес кездесуде жеңіске жетті. Барлығын мерзімінен бұрын аяқтады.

Полиана UFC ұйымында 2018 жылы 3 ақпанда тұңғыш рет өнер көрсетті. UFC Fight Night 125 турнирі аясында ол америкалық Майе Стивенсонды бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Осыдан кейін спортшы қыз 2018 жылы 4 тамызда Бразилияда өткен UFC 227 турниріне қатысып, америкалық Джей Джей Олдричтен жеңілді. Бұл жолы да төрешілер шешімімен болды.

UFC ұйымында ол ең аз салмақта (52 келіге дейін) Dama De Ferro (Темір ханым) лақап атымен өнер көрсетеді. Оның бойы – 170,18 сантиметр, ал салмағы – 52,16 келі.

Instagram желісінде Полианаға 393 мың адам жазылған. Twitter желісінде де 10 мыңнан аса оқырманы бар.

UFC президенті Дана Уайт Instagram желісіндегі парақшасында спортшы мен қылмыскердің суретін жариялады. “Сол жақта – Полиана, UFC файтері. Оң жақта – қызды тонамақшы болған жігіт. Үлкен қателік”, – деп жазды сол суреттің сипаттамасында. Ақпарат :vesti.kz сайтынан алынды

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *