ШАРШЫ АЛАҢ ШЕБЕРЛЕРІ

08.02.2019120
box-unoshi-c240x240.jpg

 

Талдықорғандағы Жастар спорт сарайында бокстан  2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында қалалық чемпионат өтті. Жарысқа 150-ге жуық былғары қолғап шебері қатысты.

Шарада қалалық бокс федерациясының атқарушы директоры Ерлан Бақтыбаев сөз алып: «Жарыста жеңімпаз атанған спортшы облыс біріншілігінде бақ сынайды. Сондықтан дүбірлі дода тартысқа толы болатынына сенімдімін», – дей келе спортшыларға ізгі тілегін білдірді.

Сайысқа тыңғылықты дайындықпен келген былғары қолғап шеберлері алғашқы раундтан-ақ қарша боратқан соққыларымен танылып, жиналған жұрттың делебесін қоздырды. Бұл  шаршы алаңда бір-біріне дес бермеген жасөспірімдердің, жеңіске деген мұқалмас жігерінің арқасы. Соққылары жойқын, техникалары жетік спортшылардың әрқайсысы да чемпион болуға лайық.

Жарыс қорытындысы бойынша Дамир Исахан, Манат Ануар, Сәкен Емберген, Мейірбек Оразалиев, Еркебұлан Қырғызбай, Азамат Масугутов, Айдар Нұртөлеуов, Кемеңгер Алимхан, Біржан Мұратбек, Нұрасыл Кенжебек, Жандарбек Таласбаев, Бағжан Қуатбек, Марлен Батырбек, Жасұлан Абдолла, Ернұр Марат, Әділ Жайлауханұлы, Алишер Дамир сынды сайыпқырандар үздіктердің қатарынан көрінді.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *