Юлия Галышева әлем чемпионы!

12.02.2019120
.jpg

            Фристайлдан Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған Юлия Галышева 12 ақпанда үйіне оралды.  Алматы әуежайында оны туыстары, достары және журналистер күтіп алды. Әлем біріншілігінің триумфаторы АҚШ-тан ұзақ уақыт ұшып келгеннен кейін, оралғанына қуанды. Оны 2018 жылғы Олимпиада ойындарынан қоламен оралғандағыдай қошеметпен қарсы алды. “Бұл команданың еңбегі. Біз тек жүлделі орынмен келеміз деп ойладық, есесіне алтын алдық. Мен әлем чемпионы атанғаныма қуаныштымын. Бұл соңғы жеңіс емес, алда жаңа жарыстар мен жаңа жеңістер күтіп тұр. Біздің команда алтынмен елге оралу үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Мен үшін бұл жеңіс – екінші орында. Бірінші орында – Олимпиада медалі. Себебі, әлем чемпионаты екі жылда бір рет болады, ал Олимпиада төрт жылда бір рет өткізіледі”, – деді Галышева.                                                                                                                                                                                                                       Вести.кз

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *