Төрткүл көз тіккен тартыс

15.03.20191070
3.jpg

 

Төрткүл әлем көз тіккен чемпиондар лигасының 1/8 финалы өз мәресіне жетті. Осы аптадағы бәсеке тартысқа толы болды. Әуелі, «Атлетико Мадрид» «Ювентусқа» жол беріп, жарыс жолынан шығып қалса, «Манчестер Сити»  «Шалькені» тас-талқан етіп жеңді. Ал «Барселона» «Лионнан» айласын асырып кетсе, «Ливерпуль» «Баварияны» ұтты.

«Ювентус» – «Атлетико Мадрид» 3:0

Екі апта бұрын Мадридте өткен кездесуде Диего Симеоне шәкірттері 2-0 есебімен жеңіске жеткен. Соның арқасында испандық команда келесі кезеңге өтеді деген сенім көп болды. Бірақ, Туриндегі жанкүйерлердің шуылы «Ювентусқа» жігер берді. Италияда өткен ойында алаң иелері салған жерден шабуылға шығып басымдықты өз иелігінде ұстады. Сөйтіп, ойынның небәрі 27 минутында Криштиану Роналду есеп ашты. «Қарт синьера» командасы мұнымен тынған жоқ. Шабуылдарын үдете түсті. Жүйелі шабуылдар өз нәтижесін берді. Бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші жеткен Роналду өзінің екінші голын соқса, ойынның 86 минутында төреші белгілеген айып добынан мүлт кетпеген Роналду хет-трик жасады. Дәл осы көрсеткіш бойынша ол Леонель Мессимен теңесті (8 хэт-трик). Осылайша «Ювентус» ширек финалға жолдама алды.

«Манчестер Сити» – «Шальке-04» 7:0

Бұл сында кімнің фаворит екені белгілі.Тіпті, алғашқы ойында-ақ Гвардиола командасы сырт алаңда 3-2 есебімен жеңіске жеткен. Англияда өткен кездесуде алаң иелері бірінші минуттан-ақ шабуылға шығып басымдықты өз иелігінде ұстады. Нәтижесінде, ойынның алғашқы бөлігінде Кун Агуэро қос доп, Сане бір гол соқса, екінші кезеңде  Стерлинг, Бернарду Силва, Фоден, Габриэл Жезус мергендігімен танылды.

«Барселона» – «Лион» 5:1

         Испанияда өткен ойын алаң иелерінің шабуылымен өрбіді.  Толассыз шабуылын тоқтатпаған каталондықтар 17 минутта есеп ашты. Пенальтиден гол соққан Лионель Месси. Ал 31 минутта Филипе Каутиньо есепті еселеді. Ойынның екінші бөлігінде француздық ойыншы Люка Тузар есепті қысқартқанымен, Месси Пике, Дембеле қанжығаларын майлап, көк-анар түстілерге жеңіс сыйлады.

«Бавария» – «Ливерпуль» 1:3

         «Неміс көлігі» бұл сында ағылшынның аяқдопшыларынан айласын асыра алмады. Сырт алаңда тең түскенімен өз алаңында жеңіліске ұшырады. Ойынның бәрін өз уысында ұстаған «Ливерпуль» алғаш болып есеп ашты. Гол соққан Садио Мане. бағыттаған соққысы қақпа торынан табылды. Артынша «Бавария» командасы есепті теңестіргенімен, екінші кезеңде ағылшындық команда қонақтардың қуаныштарын су сепкендей басты. Әуелі Садио Мане кездесудегі екінші голын соқса, Ван Дейк ойынның нүктесін қойды.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *