“ҚАҢТАР”: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТ ЖЕТІСТІКТЕРІ

27.01.20209880
images.jpg

               Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дүрмекті бәсекеге 250 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ядро лақтырудан Иван Иванов және 800 м. жүгіруден Николай Петров алтын медальдарды иеленді.

           Алматы қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға жалпы саны 860 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медальдарды иеленді.

         Талдықорған қаласында бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Сайысқа  17 командада 230 спортшы қатысты. Облысымыздан 20 спортшы қатысып, жарыс қорытындысы бойынша 54 келі салмақта Мейрбек Қарпулда І орынды, 44 келі салмақта Нұрбол Хаметов, 70 келі салмақта Ернар Досымбек,  75 келі салмақта Айбол Жақсылықов ІІ орындарды және +80 келі салмақта Поташов Тимофей ІІІ орынды иеленді.

                Талдықорған қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында ашық облыстық турнир өтті. Жарысқа жалпы саны 500-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 3 алтын, 4 күміс, 9 қола медальдарды иеленді.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *