“ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ”: ТАЛҒАРДА ҚАЗАҚСТАН КУБОГІНІҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

05.02.20202000
1580873137.jpg

Алматы облысы Талғар қаласындағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде шаңғымен жарысудан Қазақстан кубогінің бірінші айналымы аяқталды.

Еліміздің 11 аймағынан жиналған 130-дан аса шаңғышы үш бағларлама бойынша сынға түсті. Атап айтар болсақ, спортшылар классикалық әдіспен жекелей сын, еркін әдіспен спринт және еркін әдіспен масс-старт бойынша өзара жеңімпаздарды анықтады.  Ересектер мен жасөспірімдер арасында жалпы есебі 12 медаль жиынтығы сарапқа салынған. Жарыс қорытындысы бойынша 12 медаль иеленген Ақмола облысы топ жарды. Олар 3 алтын, 6 күміс және 3 қола жүлде жеңіп алған.  7 медаль еншілеген алматылық шаңғышылар екінші орында. Ал үздік үштікті 4 жүлдесі бар қостанайлықтар түйіндеген.  olympic.kz

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *