“Шаңғы жарысы”: ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕ БАРАДЫ

10.02.202013300
IMG-20200201-WA0145.jpg

Алматы қаласында шаңғы жарысынан жастар арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті.

Аталған жарысқа 10 командада 100 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары Айша Ракишева алтын, Тимур Төлегенов қола медальдарды иеленді. Сонымен қатар Германияда өтетін жастар арасындағы Әлем чемпионатына Әсет Дюсенов, Тимур Төлегенов және Айша Ракишева таңдап алынды.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *