СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

10.02.202013770
.png

 

Спорттың бұқаралығын арттыру, әсіресе, ауыл спортын дамыту – маңызды міндеттердің бірі. Араға 20 жыл салып өз қалпына келген Кеген ауданының орталығында спорттық-сауықтыру кешенінің ғимараты пайдалануға берілді. Аталған мекен-жайда әр күн сайын екі мыңға тарта адам спорттың әр түрімен шұғылданып, жаттыға алады. Өскелең заманға лайық спорт кешенінде волейбол, баскетбол алаңдары, күреспен, бокспен тағы да басқа спорт түрімен айналысатын жайлы орындар бар.

Спорттық-сауықтыру кешенінің ашылу салтанатында аудан әкімі Талғат Байедилов, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, облыстың Құрметті азаматы Бекболат Бірбаев, Грек-рим күресінен КСРО спорт шебері, Кеген ауданының Құрметті азаматы Боранбай Кебекбаев тағы басқалар сөз алып, құтты болсын айтты. Келешекте осынау заманауи спорт кешенінен республиканың намысын қорғайтын халықаралық жарыстардың, олимпиаданың чемпиондары шықсын деген жүрекжарды тілектерін жеткізді. Сөз орайында айта кеткен жөн, қайта құрылған ауданда өткен жылдан бері қарай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылып, жұмыс істеп келеді. Оның бірнеше ауылдарда филиалдары жұмыс істейді. Жаңадан ашылған, спорт кешенінің игілігін осы спорт мектебінің шәкірттері көретін болады. Осы күні спорт кешенінің ашылу құрметіне волейболдан Кеген ауданының ашық біріншілігі болып өтті. Тартысты бәсекенің қортындысымен Кеген командасы 1 орынды, Белгібай командасы 2 орынды иеленсе, Ө.Жаңабаев атындағы орта мектептің командасы, Кеген ауылынан құрылған «Құрдастар» командасы 3 және 4 орындарды бөлісті. Жарыс жеңімпаздарына аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дипломдары, төс белгілері, кубоктары тапсырылды.

                                                                                                                                                                                                   Кеген ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *