«ОЛИМПИАДА – 2020»: СЕГІЗ ЖОЛДАМА АЛДЫҚ

10.03.202013120
.jpg

              Амманда (Иордания)  өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасы 2020 Олимпиадаға сегіз жолдама ұтып алды.

Токиода ел намысын  Серік Теміржанов (57 келі), Зәкір Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзад Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 ) және Надежда Рябец (75 келі) қорғайды.

Айта кетейік, бүгін Амманда (Иордания) турнирдің жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді. Қазақстан астанасының уақытымен 15:00-де күндізгі сессияда рингке Сафиуллин, Жүсіпов пен Левит шығады. 21:00-дегі кешкі сессияда Теміржанов, Аманкқұл, Нұрдәулетов пен Қоңқабаев, сондай-ақ, Надежда Рябец рингке шығады.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *