Бейбіт Назаров АҚШ-та жеңіске жетті(видео)

18.11.201728120

   Alemfighters жекпе-жек клубының спортшысы Бейбіт Назаров АҚШ-та Titan FC тұжырымы бойынша кездесу өткізді. Өзінен 7 келі ауыр жекпе-жек шеберін жеңген жерлесіміз өзімен бір салмақта шығуы тиіс болған қарсыласы жарақат алған соң, басқа ұсынысты қабыл алған. Бұл туралы клуб басшысы Ардақ Назаров өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жария етті.

Бейбіт Назаров АҚШ-тық Алан Арзеноны үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.

Қазақстандықтың келесі жекпе-жегі 15-желтоқсан күні Майами қаласында өтетіні белгілі болды.

 

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *