Адам Навалка: “Тек жеңіс үшін ойнайтынымыз анық”

03.09.201713200

   Ертең, қыркүйектің 4-жұлдызында 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Польша құрамасы өз алаңында Қазақстан ұлттық құрамасын қабылдайтыны белгілі. Ойын алдындағы баспасөз мәслихатында Польша құрамасының бас жаттықтырушысы Адам Навалка БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Бас бапкер Даниямен өткен ойын психологиялық тұрғыда қиын болғанын атап өтті. Сондай-ақ өткен матчты тез ұмытып, алдағы болатын кездесу туралы ойлаған жөн дегенді алға тартты. Қазақстандық  журналист Артем Кравченконың осыдан он жыл бұрын қос команданың кездесуінде жарықтың сөніп қалғанын, мұндай кенеттен пайда болатын жағдайлар тағы да орын алмай ма деген сұрағына, алдағы матчта форс-мажордың болмайтынын айтып, жарық туралы уайымдамаңыздар деп нық сеніммен жауап берді.

“Қазақстан құрамасымен өткізген бірінші ойынға да тас-түйін дайын болғанбыз” – дейді Навалка. –   “Бірақ сәттілік серік болмады. Осы ойында міндетті түрде жеңіске жетеміз”

Польшалық әріптестер Навалканы жан жақтан қыспаққа алып, Копенгагендегі матчтың барысы туралы туралы айта келіп, ертеңгі Қазақстанмен болатын ойынның тартысқа тола болмай ма деген сыңайда алаңдаушылықтарын білдірді. Бапкер тек қана жеңіс үшін ойнайтындықтарын, үш ұпай ғана қанағаттандыратынын айтты. Әріптесіміз Нағи Бақытбеков “соңғы кезде Польша үшін күз айлары, әсіресе, қыркүйек өте қолайсыз болып жүр. Өткен жылы Польша Қазақстанда тең ойнады. Биыл “Легия” “Астанадан” сүрінді. Ол жайлы не айтасыз” сұрақты төтесінен қойды. Навалка еш саспастан “мен ырым дегенге сене бермеймін. Алайда қарсыласты бағалаймын. Ертең менің командам өз ойынын ойнайды. Бір нәрсе анық, ертеңгі матч қос командаға да оңай тимесі анық” деп жауап берді.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *