Ашхабад-2017: Сергей Григорьев жабық кешендегі Азия ойындарының рекордын жаңартты

19.09.201712550

Жақында Тайпэйде өткен Универсиада ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізген сырықпен секіруші Сергей Григорьев Ашхабадта топ жарды.

Түркіменстан астанасында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында жерлесіміз 5,40 метрге секірді. Бұл нәтиже спортшының чемпион атанып ғана қоймай, рекорд жаңарутына да жеткілікті болды. Кейіннен Григорьев 5,50 метрге секіруге тырысқан. Алайда бұл ұмытылысы сәтсіз аяқталып, арқасымен оңбай құлап түсті. Қазақстандық атлетті бірден «жедел жәрдем» көмегі ауруханаға алып кетті.

Жарыс алдында Григорьев турнирдің фавориті саналған еді. Қағаз жүзіндегі фаворит өз мықтылығын турнир барысында да дәлелдей алды. Күміс жүлде Таиландтан келген Порранот Пурахонға бұйырды. Ол өзінің отандасы Патсапонг Амсам-Ангтан қосымша көрсеткіштер бойынша басым түсті. Әйтпесе екеуі де 5,20 метрге секірген.

Жабық кешендегі Азия ойындары. Ашхабад, Түркіменстан.

Жеңіл атлетика. Сырықпен секіру, ерлер. Финал

1.    Сергей Григорьев (Казахстан) – 5,40 метр

2.    Пурахон Порранот (Таиланд) – 5,20 метр

3.    Патсапонг Амсам-Анг (Таиланд) – 5,20 метр

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *