«Жетісу кубогының» жеңімпаздары

03.12.201817000
vb1.jpg

Талдықорғанда ардагерлер арасындағы «Жетісу кубогы» халықаралық турнирі мәреге жетті. Үш күн бойы өңірімізді дүбірге бөлеген додада Польшадан келген команда бас жүлдені жеңіп алса, екінші орынды Мәскеу командасы иеленді. Ал үшінші орын Татарстан ардагерлеріне бұйырды. Сайыстың үздік ойыншылары да марапаттан тыс қалмады. Атап айтсақ:
Ең үздік блок қоюшы — Шостек Дариуш (Польша),
Ең үздік либеро — Масимов Рустам (Жетісу),
Ең үздік пайдалы ойыншы — Плотнир Андрей (Татарстан),
Ең үздік шабуылшы — Ткаченко Андрей (Ресей),
Ең үздік байланыстырушы — Чеснаков Анатолий (Орынбор),
Көрермендер көзайымы — Каминов Чингиз (Тыва Республикасы),
Ең үздік қорғаушы — Монхбат Монхоргил (Моңғолия).

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *