
Малайзия мемлекетінде тас жолдағы велосипед спортынан “Тур Лангкави” халықаралық жарысы өтті.
Додаға 25 мемлекеттен 120 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының спортшысы Евгений Федоров “Vino-Astana Motors” командасының құрамында 1-кезеңде алтынмен апталса, жалпы есепте күміс медальды иеленді.