Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Ақтау әкімінің экс-орынбасары Өзбекстанда ұсталды

Журналист Михиал Козачков желідегі парақшасында халықаралық іздеуде жүрген Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов Өзбекстанда ұсталғанын жазды, деп хабарлайды Bairak.kz.

Арна өзінің дереккөзіне сілтеме жасай отырып, экс-шенеунік Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз өтіп, содан кейін заңсыз жолмен Өзбекстан аумағына кіріп кеткенін, сондай-ақ оны жергілікті шекарашылар ұстап алғанын хабарлайды. Енді оған 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Дәл осындай жаза адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өткендер үшін қарастырылған.

Сондықтан да Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары көрші мемлекеттің заңнамасын бұзып, қашып кетті.  Енді Тимур Сәдуақасов бірден екі елдің түрмесіне отыруы мүмкін, — деп жазады телеграм арна.

Еске сала кетейік, Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол аса ірі көлемде қылмыстық іс қозғау мәселесін оң шешу үшін мемлекеттік қызметшілерге пара беруге үгіттегені және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Аталған кәсіпорынның акционерлерінің бірі – Виктор Долгалев те біраз уақыттан бері тергеу нысанында. Оны заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және жер қойнауын өз бетінше пайдаланды деп айыптаған. Алғашында оны қазылар алқасы ақтап шыққанымен, кейін бұл шешімнің күші жойылып, іс басқа аймақта қайта қарауға жіберілді.

Тергеу болжамынша Долгалев әрдайым серіктестерімен заң аясында жұмыс істей бермеген. Ол кейбір мәселелерді шешу үшін шенеунік Сәдуақасов арқылы құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінген. Осы себепті Сәдуақасовқа «алаяқтық» және «пара беруге итермелеу» баптары бойынша айып тағылған. Осылайша Ақтау әкімінің экс-орынбасары қашуға мәжбүр болды, ал бұл әрекетімен ол тек Қазақстанның ғана емес, көрші елдің де заңнамасын бұзды. Енді Тимур Сәдуақасов бірден екі елде түрмеге қамалуы мүмкін.

Сәйкес жаңалықтар

Ескі көлікпен жүріп бес минуттан артық қыздырғандар айыппұл төлеуі дұрыс — сенатор

bairakkz

Паранжа мен никаб киюге тыйым салынды

bairakkz

МЕССИ МҮЛТ КЕТТІ

bairakkz