Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Ақтөбе облысында Қытай тәттісінен оқушылар жаппай уланды

Ақтөбе облысының полицейлері Қобды ауданындағы мектеп оқушыларының жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеп жатыр, деп хабарлайды bairak.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Бұл мектепте 4-сыныпта оқитын 23 оқушы шетелде жасалған снэкті жеп, ауруханаға түскен. Оны тек 7 оқушы жеген, қалғандары өздерін нашар сезіну үшін өнімнің өткір иісі жеткілікті болған.
Балалар тамақ пен ингаляциялық улану диагнозымен ауруханада екі күн жатты. Бүгін олардың жағдайы жақсаруына байланысты ауруханадан шығарылды. Алдағы күндері оқушылар дәрігерлердің бақылауында болады.
Осы оқиғадан кейін балаға снэк сатылған дүкенде жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Санэпидқадағалау қызметінің мамандары өнімнің таңбаланбай, растайтын құжатсыз сатылғанын анықтады. Өнім зертханаға жіберілді.
Ауданға санитарлық авиациямен балалар инфекционисті мен лор-дәрігері келді. Олар балаларды тексерді. Жағдайлары қанағаттанарлық, бактериологиялық талдаулары теріс, сондықтан үйлеріне шығарылды. Олар алдағы 5 күн бойы амбулаторлық бақылауда болады, сонымен қатар қан анализі қайта алынады, — деді Қобды аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Әлия Пернебаева.

Сәйкес жаңалықтар

Кәсіпкер балуан Азамат Дәулетбековке темір тұлпар мінгізді

bairakkz

Ашхабад-2017: Сергей Григорьев жабық кешендегі Азия ойындарының рекордын жаңартты

Ришат

Жетісу өңірінде мектептік өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде

bairakkz