Қазақстан спортты қаржыландыру жолын оңтайландырмақ

07.09.201712120

Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті, Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен олимпиадалық спорт түрлері ұлттық федерация басшыларының жиыны өтті.


ҰОК бұл  модуль Австралия, Германия, Франция, Ресей секілді спорт саласы жоғары деңгейде дамыған, үздік тәжірибесі бар елдерде сыннан өтіп, жақсы нәтиже бере бастағанын баса айтты. Алдағы уақытта Қазақстанда спорт түрлерін осы модульге сай қаржыландырмақү
«Спорт саласының ерекшелігі мен қаржыландыру жүйесіне байланысты кез-келген мемлекет өзінің оңтайландыру талаптарын анықтайды» — деді өз сөзінде ҚР ҰОК Бас хатшысы Данияр Абылғазин.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың мамыр айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев спортты қаржыландыру жүйесін жақсартуға бағытталған «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт сұрақтарын кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл заңға сай Қазақстанда енді спор түрлерін қаржыландыру, ол қаржының игерілуін қадағалау ҰОК құзіретіне өткізілген.

Қазақстан соңғы 2016 жылы Риода өткен олимпиада ойындарында 17 медальмен жалпы есепте 22-орын алған. Қазақстан құрамасы 17 қыркүйекте Ашхабадта басталатын жабық алаңдағы Азия ойындарына қатысады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *