Головкин Коттоға қарсылас атануы мүмкін

23.09.20179000
IBF, IBO, WBA және WBC чемпионы Геннадий Головкин өзінің келесі кездесуін Мигель Коттоға қарсы өткізуі мүмкін.

Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер айтты. Пуэрто-рикалық боксшы бұған дейін Головкин – Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуге дайын екенін хабарлаған болатын.

Котто бірінші орта салмақта WBO титулының иегері. Осы кездесуден соң Мигель мансабын аяқтауы мүмкін.

Айта кетейік, осыған дейін Boxing News Головкиннің келесі қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *