Батыр Жүкембаев Альберто Москуэраға қарсылас атанды

23.09.20179330

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр алдағы жекпе-жегіне дайындығын жалғастыруда.

Батыр Жүкембаев (9-0, 8 KO) осы жолы панамалық кәсіпқой боксшы  Альберто Москуэраға қарсы жекпе-жек өткізетін болды. Альберто осыған  дейін 29 кездесу өткізіп, 24 рет жеңіске жеткен, 3 рет жеңілген және 2 кездесуін тең аяқтаған. 16 қарсыласын нокаутпен ұтса, 3 қарсыласынан нокаутпен ұтылған. Панамалық боксшы соңғы кездесуін 2017 жылдың 25 мамырда өткізіп, нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев 27 қазан күні Канаданың Квебек қаласында кезекті рет шаршы алаңға шығады.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *