Төмпешіктен секіріп, финалдан төбе көрсеттік

09.02.201812080
.jpg

Оң түстік Корей еліндегі ақ Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталғанша бірқатар спорттық ойындар басталып та кетті. Ел үмітін үкілеген Қазақстан спортшылары да бұл сынға қатысып, намысты қолдан бермеді.

Фристайлдан могулдан қыздар арасында іріктеу кезеңінде сынға түскен Юльия Галышева  76.36 ұпай жинап, 7 орынға тұрақтады. Осы нәтижемен екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Ал отандасымыз Аяулым Әмренова болса 52.78 ұпаймен 26 орынға тұрақтады.

Ерлер арасында Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков та жоғары нәтижеге қол жеткізді. Біліктілік сайысында Дмитрий Рейхердтің нәтижесі 81.23 болса,  Павел Колмаковтың көрсеткіші 79.98 . Осылайша олар финалдық бәсекеге жолдама алды.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *