Футболдан Хорватия ұлттық құрамасы Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының “D” тобында көш басына шықты. Олар алғашқы ойында Нигерия құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Ойынның 32 минутында Марио Манджукич тепкен соққысына қорғаушы Огонекаро Этебоның аяғына тиіп есеп ашылады. Автогол. Ал, 72 минутта Лука Модрич 11 метрлік айып соққысынан мүлт кеткен жоқ.
