
Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан Талдықорғандық “Жетісу” жолдастық кездесуде “Арсенал-Киев” командасын 2:0 есебімен ұтты. Айта кетейік, 2018 жылы “Жетісу” ҚПЛ-де алтыншы болды, ал “Арсенал-Киев” 18 тур қорытындысы бойынша Украина премьер-лигасында 12-ші орында келеді. “Арсенал-Киевке” қарсы матч “Жетісу” үшін екінші жиындағы соңғы ойын болды.