ҚАРАШАНЫҢ ҚАҺАРМАНДАРЫ

22.11.201910410
WhatsApp-Image-2019-11-19-at-01.53.47.jpeg

             Тараз қаласында ерлер арасында еркін күрестен Д.Қонаевты еске алуға арналған Халықаралық турнир өтті. Аталған жарысқа 8 мемлекеттен 150 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 57 келі салмақта Адлан Аскаров күміс медальді иеленді.

Моңғолия мемлекетінде бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 18 мемлекеттен 250 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 64 келі салмақта Дархан Дүйсебай алтын және қыздар арасында 60 келі салмақта Ұлжанай Мамутова күміс медальдарды иеленді.

 Тараз қаласында баскетболдан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті.

Аталған жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстаннан жалпы саны                  10 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысы қола медальді иеленді.

Қызылорда қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа жалпы саны 360 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының спортшысы Аманжолұлы Нұрсұлтан қола медаль иеленді.

Бахрейн мемлекетінде аралас жекпе-жек ММА спортынан Әлем чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа 35 мемлекеттен 180 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары әйелдер арасында 46 келі салмақта Тұрсын Аян күміс және жастар арасында 70 келі салмақта Кенжебай Досжан қола медальді иеленді.

 Қызылорда қаласында көгалдағы хоккейден Қазақстан Республикасы чемпионатының 3-4 тур ойындары өтті.

Аталған жарысқа 20 командада 240 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының ерлер, әйелдер, жасөспірім ұлдар құрамалары 2 орынды, жасөспірім қыздар құрамасы 1 орынды иеленді.

 Абу-Даби (БАӘ) қаласында джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа 30 мемлекеттен 450 спортшы қатысты. Жарыс  қорытындысы бойынша облыс спортшылары 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальдарды иеленді.

 Талдықорған қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған халықаралық турнир өтті.

Аталған жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстаннан жалпы саны 15 командада 550 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 3 алтын, 5 күміс, 6 қола медальдарды иеленді.

 

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *