«САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ ТЕК АҚ ЖАҒАЛЫЛАРҒА ҒАНА ТӘН ЕМЕС»: АУДАН ӘКІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

19.03.20231000

Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаев өз таңдауын жасап, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттар депуттатарының сайлауында дауыс берді.

«Бүгін еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға.Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей алаңдауымыз керек. Сайлауға қатысу тек ақ жағалыларға ғана тән нәрсе емес. Бұл тұтас ұлттың мойнына артылған жауапкершілік. Болашақ бағытыңды айқындайтын уақыт. Сондықтан да, бұл біз бен сіздің азаматтық парызымыз», — дейді аудан әкімі.

Жалпы бүгін, 19 наурыз Сарқан ауданындағы барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмыс істеуде.

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *