Ұлт қамын ойлаған ақсақал

19.03.2023800

Ғасыр жасаған Ұлы Отан соғысының ардагері Құсайынов Әбілпейіс атамыз №386 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Ақсақал әрбір сайлау науқанынан қалмауға тырысады. Себебі, ұрпағының болашағын ұлтының болашағы деп түсінетін ақсақал бүгінде немерелерінен шөбере сүйіп отыр.
– Мен зұлматты соғыстың ызғарын көрген ардагермін. Отан үшін отқа түсіп, аман қалдым. Бүгінгі бейбіт заманға қол жеткізіп, осынау шараға атсалысып жүргеніме бақыттымын. Мен көрген сұм соғысты, қиындықты бүгінгі жас ұрпақ көрмесін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
#ЕлҮшінТаңдау #ӨзКандидатыңдыТаңда #Сайлауғабарамын #ЖетісуСайлау

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *